
Монополияға қарсы органға Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлік басқармасынан жергілікті өндірістің күнбағыс майы Ақтөбе қаласының ірі сауда желілерінде жоқ екендігі туралы ақпарат келіп түсті.
Ақпаратты қайта тексеріп, күнбағыс майы делдалдар арқылы сатылғаны, ірі бөлшек сатушылармен тікелей келісім-шарттар жасалмайтындығы анықталды.
Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарына сәйкес үстем жағдайға ие субьектіге тауарларды өндіру және өткізу бойынша шектеулер енгізуге, тауарларды өткізуге шарт жасасудан бас тартуға, сондай-ақ жасанды тапшылықты жасауға тыйым салынады.
Күнбағыс майын өткізушінің атына оның әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жіберілді.
Хабарлама 10 жұмыс күні ішінде орындалуға жатады, хабарлама орындалмаған жағдайда тергеп-тексеру тағайындалады.