Қызылордалық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті монополияға қарсы органның хабарламасын алды

Қызылордалық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті монополияға қарсы органның хабарламасын алды

Қызылордалық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің іс-әрекетінде мемлекеттік мүлікті сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерді ұйымдастыру кезінде ҚР монополияға қарсы заңнамасын бұзу белгілері анықталды.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті тендерлерді (электрондық сауда-саттықты) ұйымдастыру кезінде нарық субъектілерге шарт қою арқылы, атап айтқанда осы тендерге қатысуға кедергі келтіретін шартқа сәйкес бұрынғы сенімді басқарушының шығыстарын төлеуді жүргізу, оларды артықшылық жағдайға қоятын жекелеген нарық субъектілеріне жеңілдіктер немесе басқа да артықшылықтарды ұсына отырып, қол жеткізуді шектеді.

Бұзушылықтарды жою мақсатында алынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс хабарлама жіберілді.