
Азық - түлік тауарларының тізбесіне кіретін көкөністерге - пияз, сәбіз, картоп, қырыққабатқа бағаның 5%-дан астамына өсуіне байланысты Қостанай облысы бойынша монополияға қарсы органмен бағаны белгілеу және ұстап тұруда көрініс тапқан келісілген іс-әрекет белгілері бойынша «Олжа Ақ-құдық» ЖШС, «Тэрра» ШҚ, «Садовод» ШҚ-ға хабарламалар енгізілді.
Көкөністерді (пияз, сәбіз, картоп, қырыққабат) өткізу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері бойынша «Олжа Ақ-құдық» ЖШС, «Тэрра» ШҚ, «Садовод» ШҚ 35% - дан астам жиынтық үлеске ие нарық субъектілері болып табылады.
Қырыққабат, пияз, картоп және сәбіз өткізу бағасының динамикасын талдау жоғарыда көрсетілген жеткізушілермен бағаны белгілеуін және ұстап тұруын көрсетті.