Дәріханалық желілерге келісілген іс-әрекеттер белгілері бойынша хабарламалар енгізілді

Дәріханалық желілерге келісілген іс-әрекеттер белгілері бойынша хабарламалар енгізілді

Ағымдағы жылдың басынан бастап Қостанай облысының дәріханалар желісінде медициналық маскаларды өткізу бағасы өсті.

Қостанай облысы бойынша Департаментпен өткізген бағаларды талдау Цветная, Фармаком, Забота дәріханалардың бағаларды белгілеу және ұстап тұру бойынша бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттерінің белгілерін көрсетті.

Нарық субъектілерінің іс-әрекеттерін келісілген деп тану үшін шарттардың бірі болып тиісті тауар нарығында 35 және одан да көп пайыз жиынтық үлесінің болуы табылады. Бұл ретте тиісті тауар нарығындағы бір нарық субъектісі үлесінің ең аз шамасы бес және одан да көп пайызды құрауы тиіс.

Медициналық маскаларды бөлшек саудада өткізу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау 35%-дан астам жиынтық үлесті «Витайм» ЖШС, «Фармаком импекс» ЖШС және «Забота Company LTD» ЖШС иеленетінін көрсетті.

ҚР монополияға қарсы заңнамасына сәйкес тауарлар өндіруді, өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің бәсекелестікті шектеуге бағытталған, оның ішінде тауарларды сатып алу немесе өткізу бағаларын не басқа да жағдайларын белгілеуге және (немесе) ұстап тұруға қатысты келісілген әрекеттеріне тыйым салынады.

Қорытындысы бойынша «Витайм» ЖШС, «Фармаком импекс» ЖШС және «Забота Company LTD» ЖШС қатысты медициналық маскаларға сату бағасын белгілеу және (немесе) ұстап тұру түрінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттерді тоқтату қажеттілігі туралы хабарлама енгізілді.

Бұл ретте монополияға қарсы ведомствоның хабарламасының орындалмауы немесе қайта іс-әрекеттер жасау тергеп-тексеру рәсімін бастау үшін негіз болып табылады.