
«Қазалы аудандық қаржы бөлімі» КММ және «Шиелі кенті әкімінің аппараты» КММ іс-әрекеттерінде тауар нарығына қолжетімділікті шектеу белгілері анықталды.
КММ тендерлерді (электрондық сауда-саттықты) ұйымдастыру кезінде осы тендерлерге қатысуға кедергі келтіретін шарттарды белгілеу жолымен нарық субъектілеріне тауар нарығына қолжетімділікті шектеді.
Монополияға қарсы органмен бұзушылық белгілерін жою үшін хабарламалар жолданды.
Хабарламалар 10 жұмыс күн ішінде орындалуға жатады.