
Монополияға қарсы органмен Алматы облысы Қаржы басқармасының, «Іле ауданының қаржы бөлімі» ММ, «Талғар ауданының қаржы бөлімі» ММ және «Алматы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті» ММ іс-әрекеттерінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін қаралды.
Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға ) және сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерлерді (конкурстарды) өткізу кезінде аталған мемлекеттік мекемелер әлеуетті өнім берушілерге «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру ережесіне» сәйкес келмейтін шарттарды қоя отырып бәсекелестікті жойды.
Заң бұзушылықты жою мақсатында монополияға қарсы органмен аталған мемлекеттік мекемелердің атына хабарламалар жіберілді.
Хабарламалар белгіленген мерзімде орындалды.