Қостанай облысының сиыр етін өткізушілерге келісілген іс-әрекеттердің белгілерін жою үшін 10 жұмыс күні берілді

Қостанай облысының сиыр етін өткізушілерге келісілген іс-әрекеттердің белгілерін жою үшін 10 жұмыс күні берілді

Монополияға қарсы органға Қостанай облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасынан 2019 жылдың қорытындысы бойынша сиыр еті бағасының өсуі туралы хаты келіп түсті.
Қостанай облысы сиыр етінің негізгі өткізушілерінің бағаларын талдау 2019 жылы өткізу бағасының өсу қарқыны өзіндік құнның өсу қарқынынан асып түсетінін көрсетті.
Осылайша, өткізушілерде бәсекелестікке қарсы келісілген әрекет болып табылатын, бір кезеңде сиыр еті бағасының негізсіз өсуі байқалады.
Қостанай облысы бойынша монополияға қарсы органмен сиыр етін өткізушілердің «Север ЕТ» ЖШС, « BEEFSTREAM «ЖШС, « Meet Life» ЖШС атына ҚР монополияға қарсы заңнамасын бұзу белгісін жою қажеттілігі туралы хабарлама жолданды.
Хабарлама алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде орындалуы тиіс.