
Жүк алушылар Өскемен қаласының әуежайына белгіленген қосымша қызметтер үшін, атап айтқанда салмағы 50 кг артық жүкті беру аймағына дейін көлемді жүктерді тасымалдау үшін автокөлікті пайдаланғаны үшін, сондай– ақ пошта-жүк терминалында жүкті орналастырғаны үшін ақшалай қаражатты төлеуге мәжбүр, ал келетін жүктерді өңдеуге байланысты қызметтер үшін ақы төлеуді әуежаймен жасалған шартқа сәйкес авиатасымалдаушы жүргізеді.
Монополияға қарсы орган ҚР монополияға қарсы заңнамасының бұзылу белгілерін жою туралы хабарлама жолдады. Хабарламаны енгізуге Шығыс Қазақстан облысында жүк алушының шағымы негіз болды.
Хабарламаны орындамауына байланысты Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Аэропорт Усть-Каменогорск» АҚ-на қатысты тұтынушыға қосымша ақы төленетін қызметтерді таңу жолымен үстем жағдайды теріс пайдалану бөлігінде тергеп-тексеру жүргізді.
Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материалдар сотқа берілді.