Жанар-жағармай материалдарын өткізу нарығында картель анықталды

Жанар-жағармай материалдарын өткізу нарығында картель анықталды

«Ульба Ойл Трейд» ЖШС және «BenzOil» ЖШС ЖЖМ-ды 2019 жыл ішінде әрекеттерді алдын ала келісіп мемлекеттік органдар өткізетін ЖЖМ жеткізу конкурстарына бірнеше рет қатысты.
Мемлекеттік сатып алу порталының мониторинг қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы орган аталған ұйымдардың картельдік келісімін анықтады.
Монополияға қарсы органмен картель жасау фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілді (бәсекелестікке қарсы деңгейлес келісімдер).
Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының заңды күшіне енген қаулысымен «Ульба Ойл Трейд» ЖШС және «BenzOil» ЖШС кінәлі деп танылып, 11,373 млн.теңге және 8,708 млн.теңге мөлшерінде айыппұл өндіріп ала отырып әкімшілік жауапкершілікке тартылды .