
Комитеттің Қарағанды облысы бойынша Департаментімен бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзуды алдын алу мақсатында «Лифт-КЭС» ӨК лифт компаниясының атына жазбаша түрде ҚР монополияға қарсы заңнамасын бұзуға әкеп соқтыруы мүмкін әрекеттерді жасауға жол бермеу туралы алдын ала ескерту жіберілді.
Өтінішті қарау шеңберінде Департаментпен «Лифт-КЭС» ӨК әрекеттерінде 2020 жылғы 1 наурыздан бастап лифтілерге техникалық қызмет көрсетуге бағаның жоғарылауы туралы жария хабарлау түріндегі, тұтынушылардың белгісіз тобының заңды құқықтарына қысым жасау бөлігінде заң бұзушылық белгілері қаралды.
ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 198-бабының 2-тармағына сәйкес нарық субъектісінің лауазымды адамының тауар нарығындағы жоспарланып отырған әрекет туралы жария өтініші, егер мұндай әрекет ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін болса және бұл ретте тергеп-тексеру жүргізу үшін негіз болмаса, алдын ала ескерту жіберуге негіз болып табылады.