
Монополияға қарсы органмен сатып алуды ұйымдастырушының – «Ақсу қаласының қаржы бөлімі» ММ-нің атына (бұдан әрі-ММ) бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға әкелген немесе әкелуі мүмкін, заңнамада белгіленбеген негізсіз талаптарды белгілеу бойынша әрекеттерден (әрекетсіздіктерден) бас тарту арқылы бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзу белгілерін жою туралы хабарлама шығарылды.
ҚР «Атамекен» ҰКП ұсынылған мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға және мүліктік жалға беру жөніндегі тендерлер (конкурстар) туралы ақпаратты талдау нәтижелері бойынша Комитеттің Павлодар облысы бойынша Департаментімен ММ-нің коммуналдық меншікте орналасқан «Ақсу қаласының көп пәтерлі тұрғын үйлерінде орнатылған 38 дана лифтілер» мүлікті сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша электрондық тендер өткізгені анықталды.
Бұл ретте, тендерді ұйымдастырушымен «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес келмейтін, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына лицензия немесе аттестат алу қажеттілігі туралы талаптары анықталды.
Осылайша, ММ әрекеттерінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабының бұзу белгілері қарастырылуда.
Хабарлама алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, растайтын құжаттарды тіркей отырып орындалуға тиіс.