АҚШ энергетикалық қауымдастығының өкілдерімен кездесу өтті

АҚШ энергетикалық қауымдастығының өкілдерімен кездесу өтті

  ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту Комитетінде ведомство басшылығының төраға орынбасары бастаған Арсен Искаков және АҚШ-тың Энергетикалық қауымдастығының (USEA), коммуналдық қызметтерді реттеу жөніндегі комиссия мүшелерінің Ұлттық қауымдастығының (NARUC), сондай-ақ Орталық Азиядағы Халықаралық даму бойынша (USAID/CA) АҚШ агенттігінің аймақтық миссиясының өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуде Комитетпен және ҚР энергетикалық секторының өзге де негізгі ұйымдарымен ынтымақтастық мүмкіндіктері, техникалық көмектің басым мәселелері мен бағыттарын анықтау, әрі қарай толығырақ техникалық тапсырманы дайындау үшін мәселелері талқыланды.

USAID/CA өкілдері Қазақстан мен Орталық Азияда техникалық қолдауды кеңейту мүмкіндігін қарастыратындығын хабарлады. Өз тарапынан USEA және NARUC өкілдері өз бағдарламаларын жүзеге асыру аясында Қазақстандағы энергетика саласында қосымша техникалық көмек көрсетуге дайын.

USEA жүзеге асыратын энергетикалық компаниялармен әріптестік бағдарламасы энергия жүйелерін басқару тиімділігін және оларды пайдалануды қамтамасыз ету, кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын қолдау, жаңа бизнес-модельдерді енгізу, сондай-ақ энергия ресурстарының әр түрлі түрлерін осы елдердің энергия жүйелеріне интеграциялау үшін USAID желісі бойынша көмек алатын елдерде энергетикалық компаниялардың және энергетикалық сектордың басқа да ұйымдарының әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

NARUC іске асырылатын энергетиканы реттеу саласындағы әріптестік бағдарламасы реттеуші органдардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, ашық энергетикалық нарықтарды құруға, әріптес елдердің энергетикалық секторларында тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін реттеудің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Өз кезегінде, төрағаның орынбасары Арсен Искаковпен басты тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыту бойынша Жол картасын орындау, атап айтқанда электр энергиясын сату нарығында бәсекелестікті дамыту бойынша шаралар қабылдау шеңберінде мемлекет басшысы қойған аса басым және маңызды міндеттерді атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар арасындағы одан әрі ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.