Оралда қантты өткізушілер жауапкершілікке тартылды

Оралда қантты өткізушілер жауапкершілікке тартылды

2019 жылы Комитеттің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен қанттың бөлшек сауда сатушыларына қатысты тергеп-тексеру жүргізілді. Орал қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысына сәйкес, қантты жеткізушілер монополистік қызметті жүзеге асыруға, атап айтқанда баға келісімін жасауда кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 626 253 теңгені құрайды, монополиялық кіріс сомасы 324 264 теңгені құрайды. Қазіргі уақытта Орал қаласының әкімшілік сотының қаулысы заңды күшіне енді. Қантты өткізушілермен шешім толық көлемде орындалды.