«ҚазТрансГазАймақ» АҚ АПФ монополияға қарсы органның хабарламасын алды

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ АПФ монополияға қарсы органның хабарламасын алды

Атырау облысы бойынша Департаменті (бұдан әрі – Департамент) «ҚазТрансГазАймақ» АҚ АПФ-ның атына әрекеттерінде (әрекетсіздіктерінде) бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама шығарды. Өтініштерді қарау шеңберінде, Департамент АҚ АПФ әрекетінде газды жеткізу үшін алдын ала 100% төлеммен шот беру түріндегі нарық субъектілерінің заңды құқықтарына қысым жасау бөлігінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 174-бабының 4-тармағында көзделген бұзушылық белгілерін анықтады. Кодекстің 199-бабының 1-тармағына сәйкес хабарлама 10 жұмыс күн ішінде орындалуға жатады.