
Комитеттің Атырау облысы бойынша Департаментімен «GENCO SUPPLY» ЖШС-не («Baby Life» дүкені) жосықсыз бәсекелестікті, яғни нарық субъектісін беделін түсіру бөлігінде бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама шығарылды.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 177-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жосықсыз бәсекелестікті, оның ішінде нарық субъектісін беделін түсіруге тыйым салынады.
Нарық субъектісінің қызметіне байланысты көрінеу жалған, анық емес мәліметтерді кез келген нысанда тарату нарық субъектісінің беделін түсіру болып табылады.
Осы хабарлама белгіленген мерзімде орындалды.