
Комитеттің Жамбыл облысы бойынша Департаментімен «Мирас» ШҚ іс-әрекеттерінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 174-бабында көзделген белгілі бір тұтынушылар тобының заңды құқықтарына қысым жасау бөлігінде бұзушылық белгілері анықталған.
Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тиiстi тауар нарығына кiрудi шектеуге, бәсекелестiктi болғызбауға, шектеуге және жоюға алып келген немесе алып келетін және (немесе) белгілі бір тұтынушылар тобының заңды құқықтарына қысым жасайтын әрекеттерiне тыйым салынады.
Кодекстің 199-бабының 1-тармағына сәйкес, «Мирас» ШҚ-на қатысты қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша қызметтерге әр абонентпен жеке келісім-шарт жасасу қажеттілігі туралы хабарлама шығарылды.
Хабарлама он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.