АГЕНТТІКТЕ БАҚЫЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

АГЕНТТІКТЕ БАҚЫЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

            2023 жылғы 17 ақпанда онлайн режимде БҚДА төрағасының орынбасары Е. И. Альжанның төрағалығымен, Агенттіктің аумақтық және құрылымдық бөлімшелері басшыларымен кездесу өтті.

            Кездесуде Е. Альжан Агенттіктегі бақылау функцияларын жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

            Сонымен қатар, жергілікті жерлерде кәсіпкерлермен тергеп-тексерулер тәртібі туралы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, «жедел желі» байланыс нөмірлерін жаңғырту, аумақтық департамент қызметкерлерінің фотосуреттерін Агенттік сайтында орналастыру мәселесін қарастыру, қызметтен босаған мемлекеттік қызметшілердің сәйкестендіру картасын өткізуін қадағалау туралы аумақтық Департамент басшыларына тапсырма берді.

            Агенттік қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын көтеру бағытындағы іс-шаралар жоспарына сай, бәсекелестікті дамыту және монополистікті шектеу салалары туралы құқықтық оқыту бойынша, Тергеп-тексерулер департаменті басқарма басшысы Д. Баяманов баяндама жасады.

            Баяндамашы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің процестік нормаларын сақтау бойынша қойылатын талаптарды түсіндірді.

            Жиналысты қорытындылаған Агенттік төрағасының орынбасары Е.Альжан, Агенттік қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы заңнамасының талаптарын сақтауды тапсырды.