
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Қазэнергоцентр» ЖШС – ның «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған кенті әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі-ЖАО) іс-қимылдарына қатысты өтінішін қарады.
Өтінішті қарау барысында ЖАО «Қазэнергоцентр» ЖШС тұтынушыларының «Электржабдықтау» ЖШС-не ауысуы туралы біржақты тәртіппен шешім қабылдағаны анықталды.
Аталған факт ЖАО-ның жауабымен расталды, онда «ЖАО және басқа да бюджеттік ұйымдар мен Сарышаған кентінің заңды тұлғалары 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап электр энергиясын бірыңғай жеткізушіге, яғни "Электржабдықтау» ЖШС-не ауысады»,- деп хабарланған.
Бұл жағдайда ЖАО тарапынан мемлекеттік орган ретінде, бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға әкелуі мүмкін электрмен жабдықтау қызметтерінің басқа тұтынушылары үшін шешім қабылдауы қарастырылды.
Сондай-ақ, ЖАО «Электржабдықтау" ЖШС атынан «электр энергиясының бірыңғай жеткізушісін» таңдаудың негіздемесі ретінде ЖАО бұрын «Қазэнергоцентр» ЖШС-на Сарышаған кентінің, Весна, Қара-Жыңғыл және Көк-Тас станцияларының халқын электрмен жабдықтау бойынша міндеттемелер алу туралы мәселені қарастыру арқылы жүгінгенін себеп еткен.
Бұл ұсынысқа «Қазэнергоцентр» ЖШС электр энергиясын тарататын келісімшарт көлемінің болмауына байланысты бас тартқан.
ЖАО тарапынан электрокомпанияны таңдау, міндеттемелерді қабылдау бойынша қандай да бір іс-қимыл жасалмай, «Электржабдықтау» ЖШС таңдаған.
Осыған байланысты, Департамент ЖАО атына қазақстандық заңнамада көзделген бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін бұзушылық белгілерін жою және (немесе) болдырмау жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарлама енгізді.
Бүгінгі күні бұл хабарлама орындалды.