АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ХАБАРЛАМАСЫН ОРЫНДАДЫ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ХАБАРЛАМАСЫН ОРЫНДАДЫ

            Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) «Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің (бұдан әрі-Басқарма) тарапынан сұйытылған мұнай газын (бұдан әрі-СМГ) ЭСА-дан тыс бөлу кезінде "Жылыойгазсервис" ЖШС-не қатысты заңсыз әрекеттері жөніндегі шағым қарап, Басқарманың әрекеттерінен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін, яғни Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 194-бабы 2-тармағының 9) тармақшасымен тыйым салынған, оның ішінде бәсекелестермен салыстырғанда қызметтерінде қолайсыз немесе кемсітушілік жағдайлар жасау бөлігінде бәсекелестікке қарсы әрекеттер белгілері анықтады.

            Осыған байланысты, Кодекстің 199-бабына сәйкес, Департамент 2023 жылғы 24 қаңтарда Басқармаға әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама жолдады.

            Бүгінгі күні жоғарыда аталған хабарламаны Басқарма Кодекстің 199-бабының 2-1-тармағына сәйкес белгіленген мерзімде орындады.