НЕГІЗГІ ҚУАТҚА ТЕҢ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ БҰЙРЫҚТЫҢ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

НЕГІЗГІ ҚУАТҚА ТЕҢ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ БҰЙРЫҚТЫҢ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Кәсіпкерлік кодекстің 176-1-бабына сәйкес бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Агенттік Төрағасының «негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығын бекітті.

Сонымен қатар, Агенттіктің атына электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысушылардан нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясының көлемін бермеуі бөлігінде әрекеттерге (әрекетсіздікке) көптеген шағымдар мен өтініштер келіп түседі.

Айта кету керек, қолданыстағы редакциядағы негізгі қуатқа тең қол жеткізу ережелері электр энергиясы нарығының салалық ерекшелігін және тауар ретінде электр энергиясының ерекшеліктерін (қоймалау мүмкіншілігі жоқ, бір мезгілде тұтыну және генерациялау және т.б.) қамтымайды.

Осыған байланысты, Агенттік электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығында негізгі қуатқа тең қол жеткізуді қамтамасыз етудің ерекше тәртібін көздеу бөлігінде негізгі қуатқа тең қол жеткізудің қолданыстағы қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынады.

Бұйрықтың тиісті жобасымен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14397284 интернет-ресурста танысуға болады.