
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі-агенттік) бәсекелестік саясатты іске асырудың негізгі құралы саналатын жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жыл сайынғы негізде жоспарлы талдау жүргізеді.
Талдау нәтижелері экономиканың әртүрлі салаларында бәсекелестікті қорғауға және дамытуға бағытталған шаралар кешенін әзірлеуді алдын-ала анықтайды. Осылайша, 2026 жылға дейінгі бәсекелестікті қорғау және дамыту Тұжырымдамасына сәйкес монополияға қарсы орган жүргізген бәсекелестіктің жай-күйін талдау министрліктердің бәсекелестікті дамыту жөніндегі салалық жол карталарын қабылдауы үшін негіз болып табылады.
Агенттік сараптамалық қоғамдастықпен және бизнес-ортамен тиімді диалог қалыптастыру, сондай-ақ оларды әзірленетін ұсынымдарды талқылауға тарту мақсатында 2023 жылы 18 тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізуді жариялайды.
Осыған байланысты, сарапшылар мен бизнес қоғамдастықты бәсекелестікті дамытудың негізгі бағыттарын әзірлеуге белсенді қатысуға және Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы бәсекелестік ортаны бұрмалауға ықпал ететін проблемаларды жою жөніндегі жалпы іске өз үлесін қосуға шақырамыз.
Тауар нарықтарының тізімі қоса беріледі: Талдауға арналған тауар нарықтарының тізімі
Байланысу үшін:
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі:
Телефон: 8 (7172) 74 97 01; 75-16-41
Сайт: www.gov.kz/memleket/entities/zk
E-mail: antimonopolyagencykz@gmail.com
Әлеуметтік желілер: www.facebook.com/AntimonopolyAgencyKZ