
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 3-тармағын іске асыру үшін «Мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 453 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасын әзірлеудің мақсаты Үкіметтің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 453 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидаларын Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келтіру болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы Заңымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 3-тармағына түзетулер енгізілді, оған сәйкес арнайы құқық субъектісі болып мемлекеттік кәсіпорын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік танылады.
Бұл ретте, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген талап Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторына және дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі, бағалы қағаздардың бастапқы нарығында акцияларды орналастырған заңды тұлғаларға, сондай-ақ олармен үлестес тұлғаларға қолданылмайды.
Барлық мүдделі тараптарды осы жоба бойынша ұсыныстар жіберуге шақырамыз, олармен танысуға болады
Агенттіктің сайтында сілтеме бойынша
https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/405320?lang=kk
Жобаға ескертулер мен ұсыныстар n.abilgazin@azrk.gov.kz электрондық мекенжайға қабылданады
Фотосурет ашық көздерден алынған.