БҚДА: ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ ХАБАРЛАМАЛАРЫ ОРЫНДАЛДЫ

БҚДА: ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ ХАБАРЛАМАЛАРЫ ОРЫНДАЛДЫ

               Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы Департамент (Департамент) Қарағанды облысы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау, әкету, сұрыптау және көму жөніндегі қызметтер нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізді.

               Талдау барысында кейбір жергілікті атқарушы органдар ҚТҚ-ны жинау нарығына қатысушыларды анықтау бойынша конкурстарға (тендерлерге) қатыспаған компаниялар жүзеге асырғаны анықталды.

               Осылайша, Балқаш, Теміртау Приозерск, Шахтинск, Саран қалалары әкімдіктерінің және Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандары әкімдіктерінің әрекеттерінде ҚР Кәсіпкерлік кодексін бұзу белгілері байқалды (194-баптың 1-тармағы).

              Бәсекелестік заңнаманы бұзудың анықталған белгілері негізінде департамент он екі жергілікті атқарушы органның атына іс-әрекетте (әрекетсіздікте) бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама енгізді.

              Бүгінгі күні барлық он екі хабарлама орындалды.