
ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша және де «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасудан бас тарту сұрағы бойынша нарық субъектілерінің өтінішіне сәйкес,
Комитеттің Павлодар облысы бойынша департаменті ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ-ның атына тиісті тауар нарығына қолжетімділікті шектеуге, бәсекелестікті болдырмауға, шектеуге және жоюға әкеп соққан немесе әкеп соғатын және (немесе) нарық субъектісінің немесе тұтынушылардың белгісіз тобының заңды құқықтарына нұқсан келтіретін іс-әрекеттерден (әрекетсіздіктерден) бас тарту жолымен ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін жою туралы хабарламалар шығарылды.
Хабарламалар заңнамада белгіленген мерзімде орындалуы тиіс.