АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ХАБАРЛАМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ХАБАРЛАМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ

             Департамент (бұдан әрі-Департамент) бәсекелестік заңнаманы бұзу белгілері бойынша "Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы әкімінің аппараты" ММ мекенжайына хабарлама шығарды.

             Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті 2020-2021 жылдар кезеңінде және 2022 жылдың 8 (қаңтар-қыркүйек) айларында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету, сұрыптау және көмудің (бұдан әрі - ҚТҚ) тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізді.

             Аталған тауар нарығына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 194-бабының 1-тармағында көзделген Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері анықталды.

             Атап айтқанда, Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында ҚТҚ шығару мен жинауды ҚТҚ нарығына қатысушыларды анықтау бойынша конкурстарға (тендерлерге) қатыспаған компаниялар да жүзеге асырды.

             Осыған байланысты, 2022 жылғы 18 қарашада Департамент "Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы әкімінің аппараты"ММ мекенжайына хабарлама шығарды.

              Бүгінгі күні хабарлама толық көлемде орындалды