
Кедергілерді анықтау және жою жөніндегі кеңестің қызметі шеңберінде ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі коронавирустық инфекцияны диагностикалаудың жеке зертханаларының (SARS-CoV-2) жүргізуіне шектеу түрінде әкімшілік тосқауылды анықтап, жойды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2015 жылғы 15 қазандағы № КР-ДСМ 105 санитариялық қағидаларына, коронавирустық инфекцияға (SARS-CoV-2) сәйкес патогенділіктің II тобына жатқызылып, оны тек мемлекеттік ұйымдарға қолдануға рұқсат еді. "Биологиялық қауіпсіздік туралы" ҚР Заңы шеңберінде патогенділіктің II тобы аса қауіпті инфекциялардың қоздырғыштары және жұқпалы аурулардың қоздырғыштары болып бөлінеді. Бұл ретте, пандемия кезеңінде жеке зертханалар уәкілетті органның уақытша рұқсаты болған кезде осы инфекцияны анықтау қызметтерін көрсете алады.
2022 жылғы 11 қарашада ҚР Үкіметінің № 895 қаулысымен патогендік биологиялық агенттердің жіктелуін және қауіптілік дәрежесін ескере отырып, патогендік биологиялық агенттердің тізбесі бекітілді. Оған сәйкес SARS-CoV-2 патогенділіктің II тобының инфекциялық ауруларының қоздырғыштарына жатқызылып, бұл патогенділіктің III-IV тобының микроорганизмдерімен жұмыс істеуге жағдайлары бар зертханаларда зерттеулер жүргізуге мүмкіндік берілген еді.
Осылайша, әкімшілік тосқауыл жойылып, көрсетілген құқықтық актілерге сәйкес жеке зертханаларға рұқсат беру құжаттары болған кезде коронавирустық инфекцияны диагностикалауға рұқсат етіледі.