
Президент Агенттік қызметінің негізгі бағыттары мен бәсекелестікті дамыту тетіктерін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы есепті тыңдады.
Марат Омаров Мемлекет басшысына негізгі тауар нарықтарындағы бәсекелестікке кедергі келтіретін тосқауылдар және оларды жоюға бағытталған Агенттік қабылдап жатқан шаралары туралы баяндады.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа монополияға қарсы тергеулердің аралық нәтижелері, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қызметін жақсарту, оның ішінде корпоративтік басқару элементтерін енгізу, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жасалған операциялық шаралар туралы мәлімет берілді. Ағымдағы жылы 118 тергеу аяқталып, 95-і қаралып жатыр.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы экономиканың негізгі секторларындағы бәсекелестікті дамытуға, ведомство жүргізіп жатқан тергеу амалдарына, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қорғау және дамытуға қатысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасына бірқатар тапсырмалар берді.