
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 1) тармақшасын бұзу белгілері бойынша Қостанай облысындағы «Жас-Қанат 2006» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құс фабрикасына қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу белгісі бойынша тергеу бастады. Атап айтқанда жұмыртқаны көтерме сату кезінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеу, ұстап тұру бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдалану аясында.
Нарық субъектілерінің іс-әрекеттерінде өз қызметін жүзеге асыру кезінде монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтауы негіз болды.