
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен Қызылорда облысы бойынша көмірді бөлшек саудада өткізу тауар нарығына талдау жұмыстарын жүргізді.
Талдау жүргізу барысында Департаментпен нарық субъектiлерiне сұраныс хат жолданды. Алайда «Нұрайжан» ЖШС-і сұратылған мәліметтерді белгіленген уақытта толық ұсынбады.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 162-бабына сәйкес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде «Нұрайжан» ЖШС-не 306 300 (үш жүз алты мың үш жүз теңге) теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Серіктестік 7 тәулік ішінде айыппұлдың жартысын яғни 50% төлеп, жеңілдікпен 153 150 теңгесін (бір жүз елу үш мың жүз елу теңге) өтеді.