5 желтоқсан - Дүниежүзілік бәсекелестік күні

5 желтоқсан - Дүниежүзілік бәсекелестік күні

       Әлемдік бәсекеге қабілетті қоғамдастық жыл сайын 5 желтоқсанда Дүниежүзілік бәсекелестік күнін атап өтеді.

      1980 жылдың 5 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы заңнаманы әзірлеу мен практикалық қызметті шектеу іскерлік практикаларды ұйымдастырудың халықаралық стандарты –бақылаудың келісілген қағидаттары мен қағидаларының кешенін бекітті. Бұл стандартты кейіннен көптеген дамушы елдер бәсекелестікті қорғау туралы жаңа заңдарды әзірлеу және қабылдау үшін қолданды.

      Ал 2010 жылы БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі Конференциясының (ЮНКТАД) бастамасымен әлемдік бәсекеге қабілетті қоғамдастық үшін ресми мереке деп бекітті.

      Қазақстан үшін әділ және жеке бастаманы ынталандыратын нарықтық ортаны қалыптастыру дамудың кешенді стратегиясының негізі екені анық. 2020 жылдың қазан айынан бастап әділ нарықтық ортаны қалыптастыру мәселелері Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі Тәуелсіз Агенттік бақылауына берілді.

Осы орайда БҚДА қызметкерлері мен өзге елдегі монополияға қарсы ведомстволарда еңбек ететін әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық, жұмыстарыңызда сәттілік тілейміз!