БҚДА АЛАҢЫНДА ОТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

БҚДА АЛАҢЫНДА ОТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

        2 желтоқсанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдерінің өзара кездесуі өтті. БҚДА бастамасымен ұйымдастырылған іс-шараға еліміздің 14 жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Кездесу барысында БҚДА басшысы Марат Омаров қатысушыларға агенттіктің қызметі, оның міндеттері мен мақсаттары туралы айтып берді.

          "Бәсекелестікті дамыту және проактивті Бәсекелестік саясатты енгізу Президент қызметінің басым бағыты екені белгілі. Агенттіктің алдына жоғары деңгейдегі даярлық пен кәсіби кадрларды талап ететін жауапты міндеттер қойылды. Бәсекелестік құқық саласындағы кадрлық әлеуетті күшейту аясында біз қазақстандық жоғары оқу орындарында тиісті білім беру бағдарламаларын дамытуды жалғастырамыз", - деді монополияға қарсы агенттіктің басшысы Марат Омаров.

           Кездесуге қатысушылар бәсекелестік саласында зерттеулер жүргізу, жоғары оқу орындарында монополияға қарсы құқық бойынша пән ашу, монополияға қарсы агенттікте тағылымдамадан өту, конференциялар, дәрістер оқу және өзге мәселелерді талқылады.

           Біз экономикалық және эконометрикалық талдау жүргізуде тәжірибеміз бар, онда біз белгілі бір кәсіпорындардың үстемдігінің үлесін анықтаймыз және монополистерге қарсы күресте қажетті құралдарды қолданамыз және нақты кейстерімізді ЖОО студенттерімен бөлісуге дайынбыз", - деп толықтырды Марат Омаров.

           Өз кезегінде жоғары оқу орындарының өкілдері ұсынысты егжей-тегжейлі талқылауға дайын екендіктерін білдіріп, агенттік өкілдерінің дәрістеріне, оларды студенттердің диссертациялық жұмыстарының ғылыми жетекшілері, сондай-ақ мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшелері ретінде тартуға мүдделі екендіктерін атап өтті.

           Естеріңізге сала кетейік, "Бәсекелестік құқық" білім беру магистратурасын әзірлеу және білім беру бағдарламаларының тізіліміне жаңа пәнді енгізу Президенттің "Бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы" Жарлығында көрсетілген. БҚДА қазақстандық жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша тәжірибесі бар. Өткен жылы КАЗГЮУ Университетінің базасында "Бәсекелестік құқық" мамандығы бойынша магистрлік бағдарлама бастау алды. Оқу бағдарламасы магистранттарға жұмыста пен оқуды ұштастыруға мүмкіндік беретін жаңа инновациялық тәсілін ұсынады.