
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері бойынша «МЕТРОНОМ-ЕКИБАСТУЗ» ЖШС-ға хабарлама шығарды.
«Алма Телекоммуникейшн Казахстан» АҚ-ның өтінішін қарау нәтижелері бойынша «ALMA TV» тауар белгісін пайдалануға айрықша құқықтардың иесі «Алма Телекоммуникейшн Казахстан» АҚ болып табылатыны анықталды.
«Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тауар белгісінің иесi куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзiне тиесiлi тауар белгісін пайдалану мен оған иелiк етудің айрықша құқығына ие болады, ҚР қорғалатын тауар белгісін оның иесiнiң келiсiмiнсiз ешкiм де пайдалана алмайды.
Сонымен қатар, кабельдік оператор болып табылатын «МЕТРОНОМ-ЕКИБАСТУЗ» ЖШС «ALMA TV» тауар таңбасы бар кабельді пайдаланғаны анықталды.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 178-бабына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді дараландыру құралдарын, сондай-ақ авторлық құқық объектілерін заңсыз пайдалану бөтен тауар таңбасын заңсыз пайдалану болып табылады.
Осыған байланысты, «МЕТРОНОМ-ЕКИБАСТУЗ»ЖШС әрекеттерінде (әрекетсіздіктерінде) Кодекстің 177-бабының 1, 2-тармақтарында көзделген бұзушылық белгілері анықталды.
Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабы негізінде Павлодар облысы бойынша монополияға қарсы департамент «МЕТРОНОМ-ЕКИБАСТУЗ» ЖШС-ның атына «Алма Телекоммуникейшн Казахстан» АҚ дараландыру құралын (тауар таңбасын) заңсыз пайдалануды, атап айтқанда, жоғарыда аталған таңбалауы бар кабельдерді пайдалануды тоқтату арқылы оларды жою жолымен бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілерінің болуы және оларды жою қажеттілігі туралы хабарлама жолдады.
Хабарлама толық көлемде орындалды.