
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2022 жылғы 18 қарашадағы тосқауылдар жөніндегі Кеңестің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін, атап айтқанда мүгедектерді протездеу және протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету жөніндегі медициналық қызметтер лотын ірілендіру бөлігінде қарады.
Осылайша, «БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің іс-әрекеттерінде ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 194-бабы 2-тармағының 9-тармақшасында көзделген Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері байқалды.
Осыған байланысты, 2022 жылғы 23 қарашада Департамент жоғарыда аталған мемлекеттік органның атына монополияға қарсы заңнама нормаларын бұзуды тоқтату туралы хабарлама шығарды.
Хабарлама оны алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде орындалуы тиіс.