
Өткен аптада облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К. Өтеғұловтың төрағалығымен тауық жұмыртқаларын сату жөніндегі делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссияның тауық жұмыртқаларын өндірушілер, көтерме жеткізушілер, сауда желілері мен базарлардың қатысуымен кезекті отырысы өтті.
Департамент басшысы Вахитов Салават «Тауық жұмыртқаларын өндіру және көтерме сату нарығында монополияға қарсы әрекет ету шаралары туралы» тақырыбында баяндама жасады.
Департамент басшысы «Орал құс фабрикасы» ЖШС және «Агрофирма Ақас» ЖШС өндірушілерінің іс-әрекеттерінде бірінші санаттағы тауық жұмыртқаларын көтерме сату нарығында жүргізілген соңғы талдау қорытындысы бойынша бағаларды белгілеу және (немесе) қолдану бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдар белгілері байқалғанын атап өтті. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 15 қарашасында жоғарыда аталған нарық субъектілерінің атына монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды тоқтату туралы хабарламалар шығарылды.
Сондай-ақ, отырыс барысында бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама нормаларын сақтау бойынша тиісті түсініктемелер берілді.
Кеңес қорытындысы бойынша тауық жұмыртқаларын өндірушілер мен бөлшек саудагерлер арасында тікелей және ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу жөнінде тапсырмалар берілді.