
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті(бұдан әрі-Департамент) 2020-2021 жылдар кезеңінде және 2022 жылдың 8 ( қаңтар - қыркүйек) айларында Ақтөбе облысы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды (әрі қарай – ҚТҚ), жинау, әкету, сұрыптау және көму тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізілді.
Ақтөбе облысының аумағында 2020-2021 жж.және 2022 жылдың 8 (қаңтар-тамыз) айларында ҚТҚ бойынша тауар нарығына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 194-бабының 1-тармағында көзделген Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері анықталды.
Атап айтқанда, Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында ҚТҚ жинауға ҚТҚ нарығында қатысушыларды анықтау бойынша конкурстарға (тендерлерге) қатыспаған компаниялар да қатысқаны анықталды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде 2022 жылдың 18 қарашасында Департаментпен «Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы әкімінің аппараты» ММ-не хабарлама шығарылды.
Хабарлама алынған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде орындалуға тиіс.