БҚДА дәрілік препараттарды тіркеуді цифрландырып, "Бірыңғай терезе" әдісімен мемлекеттік қызмет форматына ауыстыруды ұсынды

БҚДА дәрілік препараттарды тіркеуді цифрландырып, "Бірыңғай терезе" әдісімен мемлекеттік қызмет форматына ауыстыруды ұсынды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – БҚДА, Агенттік) Қаржы нарықтары және өзге де салалар департаментінің директоры Мира Тұяқбаева дәрілік препараттардың бағасын төмендететін және олардың Қазақстанда жеткізілуін жеделдететін шаралар туралы хабарлады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда дәрілік препараттардың толық тізбесі реттелуде, бұл шамамен 7 705 препарат. Алайда, медициналық және дәрілік препараттарға шекті бағаларды қалыптастыру рәсімінің өзі бюрократияланған және мемлекеттік органдар үшін де, бизнес үшін де ашық емес.

Себебі, жеткізушілерге оларды тіркеу кезінде бағаны көтеруге мүмкіндік беретін факторлар бар. Өйткені өтініш беруші беретін дәрілік бағаларды тіркеу кезінде шығындарды екі рет тексеру мүмкін емес: маркетинг, көлік, кедендік шығындар және т.б. бойынша есеп айырысу жоқ.

Анықтама: препараттың құнын қалыптастыру кезінде негізгі компоненттер -  өндірушінің бағасы, кедендік шығыстар (әкелінетін препараттарға), көлік шығыстары, сапа қауіпсіздігін бағалау шығыстары, маркетингтік шығыстар. Сонымен қатар, өндірушінің тіркелген шекті бағасына регрессивті шкала бойынша үстеме көтерме баға үшін - 10-21%, бөлшек саудада - 10-55% құрайды.

"Өтініш беруші ұсынатын сараптама ұйымының деректері екі рет тексерілмейді. Себебі ақпарат берушіге жауапкершілік жүктелгенр. Осыған байланысты біз процесті цифрландыруды және қолданыстағы МКК және кеден ақпараттық жүйелерімен біріктіруді ұсынамыз. Нәтижесінде кейбір дәрілік препараттар бойынша біз бағаның негізсіз өсуін жоя аламыз, бұл препараттың құнын төмендетуі мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Мира Тұяқбаева.

Бизнес үшін дәрі-дәрмектерді тіркеу процесі ұзақ, күрделі және қағазбастылық көп. Қазақстанға жаңа препарат енгізу үшін үш жылдан бес жылға дейін уақыт алады. Себебі, көбіне қарау мерзімі келісілмей немесе бұзылады. Сондай-ақ, келісудің барлық кезеңдері өтсе де, препарат нарыққа жіберілмейтін жағдайлар бар.

Екінші жағынан, бизнес өкілдері шекті бағаларды бекіту, дәрілік заттарға шекті бағалардың дұрыс қалыптаспауы, жаңа препараттарға бағаларды бастапқы тіркеудің ұзақ кезең екенін мәселелерді көтеріп келеді. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерінен "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптаудың Ұлттық орталығы" РМК сараптама ұйымы тарапынан бюрократиялық кедергілер көп деген шағымдар жүйелі түрде келіп түседі. Бұл құжаттарды қарау кезінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу, референттік баға белгілеу орындалмайды, референттік елдердің бағасы екі рет тексерілмейді, өтініш берушілерден ақпарат алынады, инвойстармен және франко зауыттарының бағаларымен салыстырылады, бағамдық айырмашылық қателіктермен орындалады.

Шекті бағалар бойынша бұйрықтардың бағаларын бекіту бірнеше айға кешігіп келеді.

"Мұның бәрі дәрінің нарыққа шығу процесін баяулатады және шығындарды арттырады. Мысалы, қазір Украинадан корвалол препаратының жеткізілуі мерзімі бұзылуына байланысты дәріхана желілерінде бұл дәрі жоқ, ал осы уақытта тіркеуі бар отандық тауар өндіруші бекітілген шекті бағаның болмауына байланысты қолындағы аталмыш препаратты нарыққа шығара алмайды. Сол себепті жергілікті атқарушы органдар жыл басынан бері жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа тегін дәрі-дәрмек сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізе алмады", - деп түсіндірді Мира Тұяқбаева.

Осыған байланысты БҚДА тіркеуді цифрландыруды, дәрілік заттар нарығына кірудің барлық бизнес-процестерін оңтайландыра отырып, "Бірыңғай терезе" әдісімен мемлекеттік қызмет форматына ауыстыруды ұсынды. Бұл бизнеске тіркеу, бағаны қалыптастыру процедурасын қадағалауға жол ашады. Мерзімдер реттеліп, және нақты сақталатын болады.

Спикердің айтуынша, осыған байланысты, агенттік Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп дәрілік заттардың теңгерімді баға белгілеу мәселелері бойынша бірлескен іс-шараларды іске асыру жөніндегі Кешенді жоспардың жобасын әзірледі.

Осы жоспар аясында, оның ішінде нормативтік құқықтық актілерді қайта қарау жөніндегі іс-шаралар мен мынадай бастмалар көзделген: цифрлық мониторингті енгізу, Денсаулық сақтау министрлігі мен Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау ( дәрілік заттарды сатып алу және Қазақстанға әкелу бағаларын қадағалау, дәрілік заттарды өткізудің құны мен көлемі туралы ақпарат алу мақсатында), салықтық мониторингті жетілдіру (нысанды, дозаны және өзге де ақпаратты қоса алғанда, дәрілік заттың толық атауын чектерде көрсетуді егжей-тегжейлі көрсету),баға белгілеу тәсілдерін қайта қарау, дәрілік заттарды тіркеу / қайта тіркеу мерзімдерін қысқарту және т. б.

Алайда, қазіргі уақытта Кешенді жоспар бекітілмеген. Мира Тұяқбаеваның айтуынша, ол бір жылдан бері Денсаулық сақтау министрлігімен келісіліп келеді.

Бағаны мемлекеттік реттеу тақырыбына тоқтала келе, спикер 2023 жылдың қаңтарынан бастап дәрілік препараттардың құнын реттеуді бастау жоспарланғанын атап өтті.

2022 жылғы қаңтарда көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағалық реттеуге жататын дәрілік заттар тізбесінің жобасын қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне нарықты ырықтандыру үшін қажетті өзгерістер енгізілді. Тізбеге кірмейтін препараттардан мемлекеттік реттеу біртіндеп алынып тасталатын болады.

"Бастапқы кезеңде рецептсіз сатылатын дәрілік заттардың бағасын реттеу көзделеді, онда үштен астам өндіруші бар және олар еркін сатылымда, гомеопатиялық құралдар, биологиялық белсенді қоспалар, витаминдер мен дәрілік препараттар, күрделі емес ауруларды емдеу дәрілері. Екінші кезең-бөлшек саудадағы рецепт бойынша дәрі-дәрмектер. Үшінші кезең-көтерме саудада рецепт бойынша дәрі-дәрмектер. Сайып келгенде, дәрілік препараттардың бағасын міндетті реттеу кепілдендірілген медициналық көмек пен әлеуметтік сақтандыру шеңберінде ғана қалады", – деп нақтылады Мира Тұяқбаева.


Ол медициналық маскалардың бағасын реттеудің күшін жоюды мысалға келтірді, мұнда бәсекелестік пен жеткілікті өндіріс есебінен қазіргі уақытта өнім бір дана үшін 15-40 теңге тұрады.

"Дәрілік препараттардың бағасын реттеу Қазақстан нарығына көптеген аналогтарға қол жеткізуді ашады деп күтілуде, бұл бәсекелестіктің дамуына ықпал етеді және баға белгілеуге оң әсер етеді. Сонымен бірге препараттарды мемлекеттік реттеуден шығарудың бірінші кезеңі қалғандары бойынша шешім қабылдау үшін айқындаушы болады. Келесі екі кезеңді іске асыру, бірінші кезең сәтті болған жағдайда ғана жүргізілетін болады. Егер реттеу жойылғаннан кейін бағаның күрт көтерілу фактілері болса, біз жауап беру құқығын сақтаймыз, бізде бұл үшін құралдар бар", – деді ол.
Анықтама

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2020 жылдың соңында Covid-19 пандемиясы аясындағы дүрбелеңге байланысты тең реттеуші ретінде дәрілік заттарға баға белгілеу жүйесіне кірді.

Қысқа мерзім ішінде Агенттік бірінші кезекте "Жұмсақ құқық" құралдарын (хабарлама, монополияға қарсы комплаенс, келісімдер жасасу) пайдалана, шараны қолдана отырып, жедел монополияға қарсы шаралар қабылдады. Осы шаралардың нәтижесінде медициналық маскалардың бағасы 3 еседен астам, ПТР тесттеріне – 2 есеге – 6,5-9 мың теңгеге дейін төмендетілді.

Оның ішінде денсаулық сақтау министрлігі бекіткен "Шекті бағаларды және дәрілік заттарға үстеме бағаны реттеу, қалыптастыру қағидаларына" коронавирустық инфекцияны емдеу үшін пайдаланылатын дәрілік препараттарға шекті бағаларды қалыптастырудың ерекше тәртібі енгізілді. Көтерме үстеме бағаны 10% мөлшерінде төмендету бөлігінде келісімге қол жеткізілді, маркетингтік шығыстар түріндегі осы дәрілік препараттарға негізсіз үстеме баға 50-ден 30% - ға дейін қысқартылды, көтерме саудада үстеме баға 10-21% - дан 5-10,5% - ға дейін, бөлшек саудада сату 55% - дан 20% - ға дейін төмендетілді. Жалпы, қабылданған түзетулердің арқасында антиковидтік препараттардың бағасын 30-40% - ға (шамамен 370 препарат) төмендетуге мүмкіндік туды.