Қолдан дизель отыны тапшылығын жасағандарға хабарлама берілді

Қолдан дизель отыны тапшылығын жасағандарға хабарлама берілді

          Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен (бұдан әрі - Департамент) Шымкент қаласы аумағында орналасқан жанар-жағар май кұю бекеттеріндегі дизель отыны тапшылығы бойынша қолдан кедергі жасау фактілері және әлеуметтік желілерде таралған коғамдық резонансты тудырған мәселелерге байланысты мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында SINOOIL және Гелиос жанар-жағар май құю бекеттерінде дизель отынын сату нарығында көлік жүргізушілердің құқықтарын шектеуге жол бергені анықталды.

         Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодекісінің (бұдан әрі – Кодекс) 170 бабының 1-тармағының 2-тармақшасы сәйкес тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеуге тыйым салынады

        Осыған орай,  Департамент тарапынан  «SINOOIL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шымкент қаласы Филиалына және «Гелиос» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шымкент қаласы филиалдарына Кодекстің 199 бабының 1-тармағына сәйкес хабарлама берілді.