
2022 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен тосқауылдар жөніндегі өңірлік кеңестің кезекті отырысы өткізілді.
Кеңес отырысында бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға байланысты проблемалық мәселелер талқыланды.
Мәселен, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 39-бабы 3-тармағының 27) - тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң), мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік орган жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы монополияға қарсы органның қорытындысы болған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырады.
Заңның көрсетілген талаптарына қарамастан, Департамент www.goszakup.gov.kz электрондық порталына мемлекеттік сатып алудың мониторингін жүргізу барысында мемлекеттік органдардың Заңның 39-бабы 3-тармағының 27-тармақшасы негізінде монополияға қарсы органның қорытындысын алмай-ақ шарттар жасасуының көптеген фактілері анықталды, бұл бәсекелестікті жоюға немесе шектеуге әкелуі мүмкін, өйткені бұл нарықта ұқсас жұмыстарды, қызметтерді жүзеге асыратын нарықтың өзге де субъектілері болуы мүмкін.
Отырыс қорытындысы бойынша, кеңес Департаментке 13 мемлекеттік мекеменің атына мемлекеттік органның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) мемлекеттік сатып алу саласында тергеу жүргізбестен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама шығаруды, сондай-ақ Агенттікке форматтық және логикалық бақылау үшін мемлекеттік сатып алу веб-порталында монополияға қарсы органның қорытындысын қосу үшін қойынды құру туралы ұсыныс жіберуді ұсынды, онсыз портал Заңның 39-бабының 3-тармағының 27-тармақшасының негізінде мемлекеттік органдарға мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды негізге ала отырып тікелей жасасуға мүмкіндік бермейді.