
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) тауық жұмыртқаларын өндіру және көтерме сату нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйін талдау және бағалау қорытындысы бойынша тауық жұмыртқалары нарығындағы бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу белгілерін қарады.
Осылайша, «Орал құс фабрикасы» ЖШС және «Агрофирма «Акас» ЖШС іс–әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабының 1-тармағында көзделген Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері байқалды (бәсекелестікті шектеуге бағытталған тауарларды өндіруді, өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің бәсекелестікті шектеуге бағытталған, оның ішінде тауарларды сатып алу немесе өткізу бағаларын не басқа да жағдайларын белгілеуге және (немесе) ұстап тұру).
Осыған байланысты, 2022 жылғы 15 қарашада Департамент жоғарыда аталған нарық субъектілерінің атына монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы хабарлама шығарды.
Хабарлама оны алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде орындалуға жатады.
Хабарламаны орындамау, оны толық көлемде орындамау, монополияға қарсы орган белгілеген оны орындау мерзімдерін бұзу Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу белгілері бойынша тергеп-тексеруді тағайындау үшін негіз болып табылады.