Хабарлама жіберілді

Хабарлама жіберілді

        Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен (әрі қарай-Департамент), Талдықорған қаласы тұрғынының өтінішін қарау барысында, домофон жүйесі қызметін атқаратын «Куликова» ЖК-нің (ЖК) әрекетінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталған.

        Атап айтқанда, аталған ЖК қала тұрғындарына домофон жүйесін орнатқаннан кейін оны қолдануға жалға бере отырып, тұрғындармен домофон жүйесіне абоненттік қызмет көрсету туралы шарт жасасқан.

       Алайда тұрғындармен домофон жүйесін жалға алу шарты жасалмаған. Дегенмен, ЖК домофон жүйесіне абоненттік қызмет көрсету туралы шартта, абоненттік төлемге домофон жүйесін пайдалану ақысы кіретінін көрсеткен.

      Осылайша, ЖК тұтынушыларға өзінің мазмұны бойынша аталған Шарттың мәніне қатысы жоқ қосымша міндеттемелер жүктейді.

      Департаментпен жүргізілген талдау қорытындысына сәйкес, ЖК Талдықорған қаласында домофондық жүйелерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтері нарығында 21,29% үстемдік үлеске ие.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (Кодекс) 174 бабының нормаларына сәйкес, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тұтынушылардың белгісіз тобының заңды құқықтарына қысым жасайтын әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), оның ішінде: нарық субъектісінің немесе тұтынушының өзінің мазмұны бойынша немесе іскерлік айналым әдет-ғұрыптарына сәйкес осы келісімдердің мәніне қатысы жоқ қосымша міндеттемелерді қабылдауы арқылы келісім жасасуды шарттау не таңу.

      Жоғарда аталғандардың негізінде, Департаментпен Кодекстің 199 бабына сәйкес, ЖК-дің мекен-жайына нарық субъектісінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) болуы туралы хабарлама шығарылды.

      Хабарламаны орындау мерзімі алған күннен бастап 30 күнтізбелік күнді құрайды.