Түркістанда бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерді тоқтату туралы нұсқама орындалды

Түркістанда бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерді тоқтату туралы нұсқама орындалды

        Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен бұйрығымен «Түркістан қаласының әкімдігінің «Адами капиталды дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзылуына тергеп-тексеру тағайындалды.

       Тергеп-тексеру жүргізу кезінде «Түркістан қаласы әкімдігінің «Адами капиталды дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру кезінде білім туралы заңының 5-бабы 46-1) тармақшасының нормаларын өрескел бұзып, ақшалай қаражатты біркелкі бөлмегені анықталды.

       Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша Департамент, Түркістан қаласының «Адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысын әкімшілік жауапкершілікке тартып, бөлімге Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуды тоқтату туралы ұйғарым шығарды.

       Қазіргі уақытта «Адам әлеуетін дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы 918 900 теңге көлеміндегі айыппұлды төлеп, монополияға қарсы органның нұсқамасын орындады. Бүгінде 2022 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қаржыландыруды жеке нарық субъектілері мен мемлекеттік нарық субъектілері арасында біркелкі қаржыландыруда.