Нарық субъектісіне Астана қаласының монополияға қарсы органына ақпарат бермегені үшін әкімшілік айыппұл салынды

Нарық субъектісіне Астана қаласының монополияға қарсы органына ақпарат бермегені үшін әкімшілік айыппұл салынды

           Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Астана қаласы әкімдігінің үндеуінің негізінде өңделген сүтті (сүт, айран, сүзбе, май) өткізу нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізілуде.

           Жүргізіліп жатқан талдау шеңберінде нарық субъектілеріне, оның ішінде «RG Brands Kazakhstan» ЖШС-не (бұдан әрі – Серіктестік) заңнамада белгіленген мерзімде сүт өнімдерін өткізу бойынша ақпарат беру туралы сұрау хаты жолданды. Алайда, сұралған ақпарат Серіктестікпен ұсынылмады.

           Осыған орай, Департамент Алматы қаласы аумақтық департаментіне Серіктестіктің тіркелген жері бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабы бойынша әкімшілік іс қозғау туралы хат жолдады.

          Осылайша, «RG Brands Kazakhstan» ЖШС 2 544 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

         Қазір уақытта айыппұл толығымен төленді.

         Осы ретте, Департамент нарық субъектілеріне монополияға қарсы органға белгіленген мерзімде ақпаратты ұсынбау немесе толық емес ақпарат беру, анық емес және (немесе) жалған ақпарат беру Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 162-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.