
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті тергеп-тексеру шеңберінде «БЖЗҚ» АҚ заңда белгіленген мерзімде қажетті ақпаратты беру туралы сұралған. Алайда, сұралған ақпарат «БЖЗҚ» АҚ ұсынылмады.
Осыған байланысты, Департамент Алматы қаласы аумақтық департаментіне «БЖЗҚ» АҚ тіркелген жері бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабы бойынша әкімшілік іс қозғау туралы хат жолдады.
Осылайша, Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен «БЖЗҚ» АҚ 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, Департамент субъектілерге монополияға қарсы органға белгіленген мерзімде ақпаратты ұсынбау немесе толық емес ақпарат беру, анық емес және (немесе) жалған ақпарат беру Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 162-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.