
Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігін талдау аясында «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - ӘКК) қызметін талдады.
Оның нәтижесінде Департамент ӘКК атына «Арқа» басқарушы инвестициялық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Арқа» БИК АҚ) еншілес ұйымының қызмет түрі бойынша нұсқама шығарды, себебі аталмыш компанияның қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген №1095 Тізбенің талаптарына сәйкес келмейді. Осы нұсқама негізінде «Арқа» БИК АҚ-ны бәсекелестік ортаға беру қажеттігі көрсетілді.
Алайда, монополияға қарсы органның нұсқамасы орындалмады, осыған байланысты 29.07.2022ж. ӘКК-ге қатысты нұсқаманы орындауға мәжбүрлеу туралы сотқа талап арыз берілді.
04.11.2022 жылғы Қарағанды облысының МАЭС сотымен Департаменттің талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылып, ӘКК-ні «Арқа» БИК АҚ-ны бәсекелестік ортаға беру жолымен Департаменттің нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу туралы шешім шығарылды.