
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қазақстандықтарды Қазақстан ұлттық валютасы – Теңге күнімен құттықтайды.
29 жыл бұрын "Қазақстан Республикасында ұлттық валютаны енгізу туралы" Жарлыққа қол қойылып, 1993 жылы 15 қарашада еліміздің аумағында Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді.
Теңге Қазақстан Республикасының қаржылық Тәуелсіздігінің ажырамас символына айналды.