
2022 жылғы 9 қарашаада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) төрағасы Марат Омаров Ресей Федералдық монополияға қарсы қызметі мен «Сколково» Қорымен бірлесіп ұйымдастырылған «Монополияға қарсы саясат: ғылым, практика, білім» атты VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырту алып, оған бейнеконференция форматында өткен онлайн түрде қатысты.
Бұл конференцияға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының өкілдері, ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі, оның ішінде Ресей, Беларусь, Бразилия монополияға қарсы ведомстволарының басшылары, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.
Марат Омаров өз сөзінде Қазақстандағы экономиканы монополиясыздандыру мәселелерін жалпыұлттық міндет және мемлекеттік саясаттың басымдығы деп атауға болатынын айтты. Ол сондай-ақ Қазақстанның базалық салаларындағы ағымдағы ахуалмен таныстырды. Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамытуды қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін айтып, сондай-ақ болашаққа деген жоспарларымен бөлісті.
Атап айтқанда, Қазақстанда цифрландыру шеңберінде бәсекелестіктің жай-күйінің талдамалық картасын құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сөз қозғады.
Қорытындай келе, БҚДА төрағасы нарықтық процеске қатысушылардың жосықсыз әрекеттеріне бірлесіп және тиімді ден қою үшін ЕАЭО-ның монополияға қарсы ведомстволарымен және басқа да юрисдикциялармен тығыз өзара іс-қимыл жасау қажет екендігін атап өтті.