Мемлекеттік сатып алу басқармасына айыппұл салынды

Мемлекеттік сатып алу басқармасына  айыппұл салынды

           Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тарапынан (бұдан әрі – Департамент) Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты «Мемлекеттік сатып алу» басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) іс-әрекетінде бәсекелестік қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері бойынша жазылған арыздың негізінде сұрау хат жолдаған.

          Департаменттің сұрау хатына уақытылы және толық көлемде ақпарат берілмеуіне байланысты, Басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 162-бабы бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама» толтырылды. Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешіміне сәйкес, ҚР ӘҚБтК-нің 162-бабы бойынша Басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы кінәлі деп танылып, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

         Соттың шешімі Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген мерзім ішінде күшіне енгізіледі.