«Халық Әмбебап Тауар-шикізат Биржасы» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылды

«Халық Әмбебап Тауар-шикізат Биржасы» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылды

        Тауар биржаларының қызметін біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру қорытындысы бойынша келіп түскен Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы прокуратурасының ұсынымын орындау шеңберінде Агенттік лицензиялау нормаларын бұзу және біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактілері бойынша «Халық Әмбебап Тауар-шикізат Биржасы» АҚ -ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.

       Істерді қарау қорытындысы бойынша «Халық Әмбебап Тауар-шикізат Биржасы» АҚ  жалпы сомасы 234 320 теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

        Бүгінгі таңда «Халық Әмбебап Тауар-шикізат Биржасы» АҚ тарапынан айыппұл сомасы толық көлемде төленді.