
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) "Алматы облысының Парапланерлік спорт федерациясы" ҚБ (бұдан әрі-Федерация) тарапынан жазылған "Ескелді ауданы әкімінің аппараты" ММ (бұдан әрі-Әкімдік) іс-қимылына қатысты өтінішін қарады.
Жоғарыда аталған өтінішті қарау нәтижелері бойынша Әкімдіктің іс-әрекеттерінде ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 194-бабында көзделген бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері, оның ішінде нарықтың жекелеген субъектiлерiне оларды бәсекелестеріне қатысты артықшылық жағдайға қоятын жеңiлдiктер немесе басқа да артықшылықтар беру немесе бәсекелестермен салыстырғанда қызметтерінде қолайсыз немесе кемсiтушілік жағдайлар жасау бөлігінде қаралды, бұл парапланерлік спорт қызметтерін көрсететін нарық субъектілері арасындағы адал бәсекелестікті шектеуге және жоюға әкелді.
Осыған байланысты, Департамент Әкімдіктің атына анықталған бұзушылық белгілерін жою туралы хабарлама шығарды.
Алайда, белгіленген мерзімде Әкімдік хабарламаны орындамады, соның негізінде Департамент тергеп-тексеру рәсімін бастады.