
Тауар биржаларының қызметін біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру қорытындысы бойынша келіп түскен Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы прокуратурасының ұсынымын орындау шеңберінде Агенттік лицензиялау нормаларын бұзу және біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактілері бойынша «Қазақстандық электрондық сауда жүйесі» Тауар биржасы» АҚ-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.
Істерді қарау қорытындысы бойынша «Қазақстандық электрондық сауда жүйесі» Тауар биржасы» АҚ жалпы сомасы 192 970 теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бүгінгі таңда «Қазақстандық электрондық сауда жүйесі» Тауар биржасы» АҚ-мен айыппұл сомасы толық көлемде төленді.